ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒА ЕМЕС.....
Желтоқсан - бұл оқиға емес. Оқиға деген сөз ойда - жоқта бола салатын дүние. Ал мен ешқашан желттоқсанды азын-аулақ ұлтшылдардың бір оқиғасы деп айта алмаймын. Кейбір білгіштер, яғни сол баяғы қазақты көре алмайтындар немесе сана сезімі уланған іштен шыққан шұбар жыландар , желтоқсанда қазақ жастары алаңға Тәуелсіздік үшін шықпады, жай Кольбинді қойғаны үшін шықты деп, оттап жүр. Оларға айтарым, оттай беріңдер.
Оқуда да, жұмыста да қазақты менсінбей, көтермей үнемі кеудесінен итеріп отыруы, көшеде автобустарда кемсітуі, тіпті менсінбеушіліктің шегі сол, қазақ қазақпен қазақша сөйлессе тиісетін жағдайға жетті. Өз жерінде, өз ана тілінде сөйлей алмаудан артық ұлт үшін азап бар ма, айтыңыздаршы?! Орыс идеологиясы арқылы қазақ жастарының санасын улап, мәңгүрттендіру басты мақсат болатын. Қазақ "шіркін-ай орыстың анасы да ұлы, мынасы ұлы " деп тамсанып, өзінің ұлыларын, қазаққа жаны ашыған Алаштың ардақтыларын ұмыта бастады. Өз елінде қазақ "мен қазақпын, менің ұлтым" деген сөздерді айта алмайтын дәрежеге жетті. Сондықтан 1986 жылғы 16 желтоқсандағы көтеріліс азаттықты, еркіндікті аңсаған ұлттың көтерілісі болатын. Оған әсер еткен Қонаевты орнынан алып, Қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Кольбинді әкелуі қаны қарайған қазақты қозғап жіберді. Әбден езгінің, тапталып жанышталудың азабын көрген қазақ жастары шыдай алмай көтерілісті бастап кетті. Ол іштегі қанның тамырына сыймай, шын мәнісіндегі бір елдік рухтың тасыған кезең болды.
Иә, әліде сол орыс иделогиясының қалдығы кейбір жастарымыздың бойында қалыптасып қалған. Сарының саны азайсада, балабақшалармен, мектептер көп бізде орыс тілінде білім беретін. Олардан түлеп ұшқандардың ертеңгі күні қазақтың қамын жейді дегенге ешкім кепілдік бере алмайды. Және ол үшін ертеңгі күні ол қара көздердіде кінәлауға болмайды. Олар үшін , үкімет және аға буын жауапты. Сондықтан қара көздерімізді құтқарып, қазақшаландырмай біз азат бола алмаймыз.
Құрметті жастар, ендігі жерде сол бодандықтың қамытын қайта кигіміз келмесе Тәуелсіз Қазақ Республикасы үшін жұмыс жасайық, дамуына үлес қосайық. Ол үшін көп ізденіп, оқып талмай жұмыс жасауымыз керек.
Желтоқсан- көтеріліс. Бодандықтың қамытынан шаршаған, еркіндікті, бостандықты аңсаған, тәуелсіздікті аңсаған бір азат сананың көтерілісі.
(с) Айбану Кунтуарова.